Александр Винокуров Дубайда «алтын» велосипедін таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Дубайда «алтын» велосипедін таныстырды. Велосипед қазақстандық спортшының «Тұманды Альбиондағы» жарқын жеңісінің нышанын білдіреді.

Александр Винокуров Дубайда «алтын» велосипедін таныстырды

Велосипед қазақы ою-өрнектермен, Олимпиада танымбелгісімен безендірілген. Сондай-ақ, спортшының есімі де жазылған. Отандасымыз «алтын» велосипедін «Дубай турының» мәресінде жұртшылық назарына ұсынды, деп жазады massaget.kz.
null