Александр Винокуров Франциядағы "Chrono des Nations" жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

АЛМАТЫ. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Александр Винокуров Франциядағы "Chrono des Nations" жарысы кезінде "Астана" велоклубының сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, 

Александр Винокуров Франциядағы "Chrono des Nations" жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл UCI күнтізбесіндегі ең соңғы жекелей сын болатын. Онда  А.Винокуров 48,5 шақырымдық сайыста  мәре сызығын бірінші боп (1:00:09) кесіп өтті. Ал 2-3 орынды   "Creusot Cyclisme" клубынан  Жан-Кристоф Перо (1:07) мен   "Ag2R" клубының шабандозы  Юрий Кривцов (1:12) бөлісті.

Бұл "Астана" велоклубының спортшылары биылғы маусымда қол жеткізген 30-шы жеңіс. Оның алғашқысы  ақпанның 20-сы күні "Калифорния турының" 6-шы кезеңінде, ал соңғысы қыркүйектің 6-сы күні "Bavikhove" жарысында  тіркелген болатын.