Александр Винокуров Франциядағы "Тур де Кастильон-ла-Батай" жарысының жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат / Ерлік Ержанұлы/ - Үлкен спортқа қайта оралған қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров Франциядағы "Тур де Кастильон-ла-Батай" жарысының жеңімпазы атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бір күндік бұл сайыс 45 шақырымға созылды. А. Винокуров 2007 жылғы «Тур де Франс» велобәйгесінде допинг қолданды деген айыппен Халықаралық велоспорт федерациясы тарапынан 2 жылға үлкен спорттан шеттетілген болатын. Дисквалификациялық мерзімі шілденің 23-і күні аяқталған спортшының бұл алғашқы жарысы болды. Енді алдағы уақытта ол тамыздың 9-12 күндері "Тour de l'Ain", ал тамыздың 16-17 күндері Индонезияда өтетін Азия чемпионатында және қыркүйектің 23-27 күндері Швейцариядағы Әлем чемпионатында өз бағын сынап көрмек.