Александр Винокуров қазақстандық велосипедшілер табысын жоғары бағалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Олимпиада чемпионы, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті, «Astana Qazaqstan Team» бас менеджері Александр Винокуров Душанбеде шосседегі велоспорттан өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын алған еліміздің ерлер құрамасының табысын жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Александр Винокуров қазақстандық велосипедшілер табысын жоғары бағалады

Қазақстан велоспорт федерациясы мәлім еткеніндей, құрама сапында Евгений Федоров, Игорь Чжан, Юрий Натаров, Евгений Гидичтер өнер көрсеткен болатын.

«Жігіттер үмітті ақтады. Біздің спорттық директорымыз Александр Шефердің басшылығымен командалық жарыста қашықтықты сәтті өтіп шықты. Бүкіл құрама жоғары деңгейде өнер көрсетті, нәтижесі – алтын медаль. Құраманы құттықтаймын, алдағы сындарда да сәттілік тілеймін», деді А.Винокуров.

Еске сала кетейік, велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасының Азия чемпионы болғанын жазған едік.