Александр Винокуров пен Құмар Ақсақалов Петропавлды велосипедпен аралады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Қызылжар-2018» веложарысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Александр Винокуров пен Құмар Ақсақалов Петропавлды велосипедпен аралады

Өңір басшысының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жарысқа кәсіпқой және жас велошабандоздар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары қатысты.

nullАлександр Винокуров пен Құмар Ақсақалов жарыс басталардың алдында жарыстың қатысушыларына сәттілік тіледі. 

null«Егер сіздердің араларыңызда біреуіңіз Олимпиада чемпионы атансаңыз, керемет болар еді. Жаттығыңыздар, мақсат қоя біліңіздер. Тек алға ұмтылып, менің үлгіммен барлығына қол жеткізіңіздер»,  - деді чемпион.

nullЖарыстың қатысушылары 5 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Веложарыс аяқталғаннан кейін велошабандоздарға естелік медальдар табысталды.

nullБұл жарыс Александр Винокуровтың жүлдесіне өткізілетін «Қызылжар-2018» халықаралық веложарысының қорытынды кезеңі болды. Құмар Ақсақалов көпкүндік веложарыстың дәстүрлі түрде жыл сайын өтетініне уәде етті. 

    null