Александр Винокуров Үлкен Алматы көлі маңындағы қоқысты жинауға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Үлкен Алматы көлі маңын қоқыспен ластағандарды сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Александр Винокуров Үлкен Алматы көлі маңындағы қоқысты жинауға шықты

«Достар, біз әсем Үлкен Алматы көліне қарай барып, ондағы көрініске таңғалып тұрмыз. Адамдар қоқысты әр жерге тастай берген. Әрбір адам табиғатқа қамқорлықпен қарауы үшін осы роликті түсірдік. Тұрып жатқан қалаларыңызға сүйіспеншілікпен қарап, ластамаңыздар. Барған жерлеңізді жинастырып жүріңіздер», - деп жазды чемпион өзінің Instagram парақшасында. 

Александр Винокуров жақында Алматыға танымал велоэкстремалшы, велокаскадер Витторио Брумотти келгенін, ол жергілікті табиғатпен танысқанын атап өтті.

«Достар, ұят болып тұр. Сіздер осында тастаған қоқысты жинауға мәжбүр болдық. Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста. Егер де әрбір адам айналасына ұқыптылықпен қараса, онда барлық жерді қоқыстан тазарта аламыз», - деді Олимпиада чемпионы.