Александра Аборнева - Азия чемпионатының жеңімпазы

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының соңғы күнінде Александра Аборнева ел қоржынына үшінші алтынды салды.

Александра Аборнева - Азия чемпионатының жеңімпазы

Әйелдер арасында 75 келіден жоғары салмақта сынға түскен қазақстандық ауыр атлетші серпе көтеруде 110 келіні бағындырып, қарсыластырын артқа қалдырып, бірінші жаттығу нәтижесі бойынша көш бастады.

Ал жұлқа көтеруде А.Аборнева 143 келіні көтеріп, қарсыластарын тағы да қапы қалдырды. Жалпы есепте 253 килоны бағындырды. Сөйтіп, Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы Александра Аборнева енді Азия чемпионатының ең биік тұғырына көтеріліп, сары құрлықтың теңдессіз спортшысы атанды. Жеңімпаздың құрметіне Қазақстан Республикасының Туы көтеріліп, Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.