Алексей Цой «Спутник-V» вакцинасының ревакцинацияға қолданылмау себебін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Спутник-V» вакцинасының ревакцинацияға қолданылмау себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спутник» вакцинасын салуға болмайды. Онда екі түрлі компонент. Компоненттері бірдей вакциналар ғана егіледі. «Спутник-V» вакцинасының бірінші және екінші компоненттері әртүрлі. Соған байланысты Қазақстанда ревакцинация кезінде бірінші және екінші компоненттері бірдей вакциналар қолданылады», - деді Алексей Цой Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Жалпы, министр дерегінше, QazVac, «Спутник V» сынды вакциналардың 1-компонентімен елімізде 8,8 млн-нан астам, екінші компонентімен 8,3 млн-нан астам адам егілді. Сонымен қатар 136 мың адам ревакцинация алды, 188 мың адам Pfizer вакцинасын салдырды.



Соңғы жаңалықтар