Алексей Луценко Азияның үздік велошабандозы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2018 жылдың қорытындыларфын шығарды. Қазақстанстандық велошабандоз Алексей Луценко UCI Asia Tour жеке рейтингінде үздік атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Осы маусымда қазақстандық спортшы 655 ұпай жинаған. Бенджамин Дибэлл - 517 ұпай жинаса, көшбасшылар «үштігін» 484 ұпаймен ресейлік Артем Овечкин жапты.
Ұлттық рейтингте де Қазақстан командасы көш бастады. Біздің велошабандоздарымыз 1 611,25 ұпай жинаған. Екінші болып маусымды 1 581,73 ұпай жинаған Жапония велосипедшілері аяқтады. Үшінші орында - Гонконг спортшылары (945,02 ұпай).
Биыл Луценко Азия ойындарында екі алтын медаль жеңіп алды. Ол сондай-ақ «Оман турында» үздік деп танылған.