Алексей Луценко «Тур де Франс» турниріне қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Astana Qazaqstan Team велокомандасы биылғы «Тур де Франс» турниріне қатысатын құрамын жариялады.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әлемдік гранд тур 29 маусым мен 21 шілде аралығында өтеді.
Команда құрамы төмендегідей:
– Марк Кавендиш;
– Микаэль Мёркёв;
– Алексей Луценко;
– Евгений Федоров;
– Кейс Бол;
– Харольд Техада;
– Давиде Баллерини;
– Микеле Гадзоли.
Еске сала кетейік, бұған дейін велоспорттан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталғанын жазған едік.