Алексей Полторанин әлем кубогының іріктеу кезеңінен аса алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин әлем кубогында іріктеу кезеңінен аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алексей Полторанин әлем кубогының іріктеу кезеңінен аса алмады

Әлем кубогының кезеңі Норвегияның Драммен қаласында өтіп жатыр. Ол классикалық әдіспен спринттік бәсекеде бар болғаны 47-ші орынды қанағат тұтты.

Бұл сайыста норвегиялық шаңғышылар  Йоханнес Хёсфлот Клабо, Эйрик Браннсдал және Сондре Турволь Фоссли үздік үштіктен көрінді.