Алексей Полторанин әлем Кубогының жалпы есебінде 12-ші орында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шаңғы жарыстары бойынша Әлем кубогының бірінші ондығында және одан тыс аздаған өзгерістер болды, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Финдік Лахтиде кезеңге қатыспай қалған қазақстандық Алексей Полторанин тағы бір саты төмен түссе, Әлем кубогының көшбасшысы, норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю керісінше өз позицияларын нығайтып алды.

Шаңғы жарыстары бойынша Әлем кубогының жалпы есебі. Ер адамдар:

1. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) - 1960

2. Финн Хаген Крог (Норвегия) - 1256

3. Петер Нортуг (Норвегия) - 1108

4. Никлас Дюрхауг (Норвегия) - 893

5. Сергей Устюгов (Ресей) - 877

6. Дидрик Тёнсет (Норвегия) - 762

7. Морис Манифика (Франция) - 746

8. Сюр Рёте (Норвегия) - 650

9. Франческо Де Фабиани (Италия) - 624

9. Александр Легков (Ресей) - 609

12. Алексей Полторанин (Қазақстан) - 531.

Соңғы жаңалықтар