Алексей Полторанин Әлем Кубогының жекелей спринті кезеңінде екінші болып келді
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Азиагода (Италия) шаңғы жарысынан Әлем Кубогының төртінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Sports.kz.
Ресейлік Никита Крюков классикалық стильде жекелей спринтте жеңіске жетті. Екінші орында - қазақстандық Алексей Полторанин, үшінші орынға - швейцарлық Джанлука Колонья шықты.
Шаңғы жарысы. Әлем Кубогы. Төртінші кезең. Азиаго (Италия),
Ерлер. Жекелей спринт. Классикалық стиль.
1. Никита Крюков (Ресей) - 4:21.18
2. Алексей Полторанин (Қазақстан) - +0.14
3. Джанлука Колонья (Швейцария) - +4.11.