Алексей Полторанин араға 2 жыл салып әлем Кубогына қатыспақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Чехияның Моравия аймағында шаңғы жарысынан әлем кубогының оныншы кезеңі аяқталады, деп хабарлайды Sports.kz.

Алексей Полторанин араға 2 жыл салып әлем Кубогына қатыспақ

Қазақстанның құрамасы оныншы кезеңнен бастап эстафетаға қосылады.

Айта кетерлігі, біздің отандастарымыз әлем кубогының бастапқы кезеңімен салыстырғанда мүлде басқа құрамда, яғни Алексей Полторанин, Сергей Малышев, Ринат Мухин және Евгений Величкодан құралған топпан жарысқа қатысады.

А.Полторанин соңғы рет осыдан екі жылдан астам уақыт бұрын Сочиде өткен Олимпиадада осындай эстафеталық жарыстарға қатысқан. Р.Мухин мен С.Малышев әлем кубогында дебютті ойын көрсетпек.

Қазақстанның «KAZsport» арнасы Астана уақытымен 16:50-де Чехиядан тікелей трансляция жасайтынын айта кетейік.