Алексей Полторанин Финляндияда өткен әлем кубогы кезеңінде қола жүлдені еншіледі

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Финляндияның Куусамо қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды.
None
None

Полторанин бұл жүлдені 15 шақырымдық із қуып жарысуда алды. Алтын мен күміс норвег Петтер Нортуг пен ресейлік Максим Вылежинда.

Қазақстан шаңғышысы осыған дейін Швецияның Галливер қаласында өткен ӘК кезеңіндекүміс жүлде алған болатын.

Біздің спортшы қазір әлем кубогы кезеңінің жалпы есебінде көш бастап келеді, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.

Соңғы жаңалықтар