Алексей Трощинский Шайбалы хоккейден ұлттық құраманың капитаны болып тағайындалды
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның шайбалы хоккейден ұлттық құрамасының капитаны болып «Барыстың» қорғаушысы Алексей Трощинский тағайындалды.
Оның көмекшілері Дмитрий Уппер мен Кевин Даллмэн болды, деп хабарлайды ҚХФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Vesti.kz.
Ұлттық құраманың жаттықтыру штабы спортшылар алдына жалғыз міндет қойды - олимпиадалық ақтық іріктеу турында бірінші орын алу. Сондай-ақ команданың бас менеджері Шуми Бабаев Даллмэнға Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын ресми түрде табыс етті.