ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: АҚШ «баспа станогын» ажыратуға құлықты емес

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Осы аптадағы әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына ықпал ететін басты оқиғалардың қатарында АҚШ Федералды резервінің екі күндік отырысының қорытындысы болды.

ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: АҚШ «баспа станогын» ажыратуға құлықты емес

Бүкіл қаржы әлемі тағатсыздана күткен басты шешім экономиканы одан әрі реттеу шараларына қатысты мәселе болған еді. Мамырда АҚШ Федералды резервінің басшысы Бен Бернанке экономика өсімін ынталандыруға бағытталған және нарықта ай сайын 85 млрд. доллардың облигацияларын сатып алуды қорытындылайтын QE3 (үшінші сандық жеңілдету) экономиканы қолдау қыркүйектен басталатындығына уәде берген болатын.

2012 жылдың қыркүйегінде іске қосылған экономиканы ақшамен «үйіп тастау» ендігі уақытта оң тиімділік әкелмейтіндігі мойындалуда да. Жеңіл ақша тек қана дамыған елдердің нарығына ғана емес, сонымен бірге 2013 жылға дейін ЖІӨ өсімінің жоғары қарқынын паш етіп отырған дамушы елдердің де экономикасының оған тәуелділігін арттыра түсті.

Қорытындысында 17-18 қыркүйек күндері өткен Федералды резервтің Ашық нарықтар жөніндегі комитеті отырысынан кейін QE3 бағдарламасының көлемі 85 млрд. доллар шегінде сақталып қалды, сондай-ақ базалық пайыздық ставканы қазіргі мақсатты диапазонда жылына нөлден 0,25 пайызға дейін сақтап қалды.

Федералды резерв басқарушылар кеңесінің төрағасы Бен Бернанке күтіліп отырған QE3 бағдарламасының қысқаруы туралы шешім егер Федералды резерв американдық экономиканың тұрақты өсіміне көз жеткізгенде ғана қабылданатындығын жария етті. Бұған қоса, ол үшін қандай да бір нақты мерзім белгіленген жоқ.

Б.Бернанкенің мәлім етуінше, соңғы айларда байқалып отырған қаржыландыру шарттарын жедел қатаңдату өсімнің баяулауына әкеп соғады. «Тіпті осы жылдың ішінде QE3 бағдарламасын қысқарта бастағанның өзінде де біздер қысқарту бойынша жоспарды одан әрі жүзеге асырудың экономикалық көрсеткіштеріне бағдарланатын боламыз», - деді ол.

Бұл жаңалықты елеп-ескерген бірінші индикатор әлемдік қор биржалары болды. Шешім жария етілгеннен кейін Dow Jones тарихи максимумға, 0,8 пайызға, 15658,7 тармаққа дейін, S&P 500 - 0,7 пайызға, 1719,84 тармаққа дейін көтерілді; NASDAQ 0,75 пайыз қосты, осылайша олар бұған дейінгі индекстердің төмендеуінің есесін қайтарды. Жиынтық азиялық қор индексі MSCI Asia Pacific 2,2 пайызға артты. Бұл - 1 жылдан астам уақыттың ішіндегі ең жоғары жетістік. Ал жалпыеуропалық Stoxx Europe 600 5 жылдың ішіндегі жоғары шегіне жетті. Ал германиялық DAX тарихи рекордқа қол жеткізді. Мұнайдың әлемдік бағасы да арта түсті.

Федералды резервтің QE3 бағдарламасын қысқарту туралы шешімін күткен дамушы елдер барынша соққыға қалып отыр десек те болады. Ақша қаражаты көлемінің қысқаруынан қауіптенген көптеген инвесторлар қаржыларын тәуекелді активтерден барынша сенімді активтерге аудара бастады. Қорытындысында кірістің айтарлықтай көлемі жоғалды.

Федералды резерв тарабынан шыққан хабар көпшілікке мүмкіншілікті проблемаларды уақытша естен шығаруға итермеледі. Дегенмен сарапшылар қазірдің өзінде түрлі сценарийлерге дайын болуға шақыруда. Дүниежүзілік банктің басқарушы директоры Шри Мульяни Индравати таяу жарты жылдың ішінде Федералды резерв бәрібір де монетарлы ынталандыруды қысқартуға кіріседі деп мәлім етуде. Ол жаңа жағдайдағы тұрақтандыру тетіктерінің бірі ішкі сұранысқа негізделген даму моделіне арналған бейімделу болуы тиістігін баса айтуда. Оның пайымынша, бұл Үкімет үшін де, жеке сектор үшін де өте маңызды.

Сарапшылардың атап өтуінше, егер американдық экономика тұрақты өсімді паш ететін болса, онда инвесторлардың ақшасы АҚШ-тың қаржы алаңдарына ағылатын болады. Нәтижесінде дамушы елдердің нарығы шетел капиталы түсімінің қол жеткізілген көлемінде тоқтайды.