ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: АҚШ-тағы дефолт және әлемдік экономикадағы «shutdown»

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан апта ішінде жаңалықтар таспасындағы басты драйвер американдық биліктің ұлттық экономиканы одан ары жоспарлаудағы іс-қимылы болды.
None
None

Белгілі болып отырғандай, жүргізіліп отырған реформаға байланысты республикашылар мен демократтар арасындағы пікір қарама-қайшылығына орай АҚШ Конгресі жаңа бюджеттік жылға қатысты шешім қабылдамаған еді. Мұның нәтижесінде 1 қазанға қараған түнде штаттарда қаржы жылы тәмамдалып, ал жаңа бюджет қабылданбай қалған еді. Мұндай жайт осыдан 17 жыл бұрын орын алған болатын.

АҚШ үкіметі мен бағынышты министрлердің және ведомстволардың жұмыстары тоқтатылды. Қызметтері ұлттық қауіпсіздік пен тыныс-тіршіліктің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге бағытатталған органдардан басқа мекемелердің қызметкерлерінің барлығы да ақысыз еңбек демалысына кетті, ал олар шамамен 700 мыңнан астам адамды құрайды. Жұмыстардың тоқырауы Мемлекеттік департаменттің, Орталық барлау басқармасының және NASA ғарыш агенттігінің кейбір қызметкерлеріне де қатысты болды.

Парламенттің төменгі палатасында басым дауысқа ие республикалық партия атынан сайланған конгресмендер күні кеше жаңа бюджеттік кезеңде медициналық көмектің қолжетімділігі туралы заңның күшіне енуін кейінге қалдыру талабынан бас тартпаған еді. «shutdown» процедурасынан кейін республикашылар федералды саябақтарды, ардагерлер бағдарламасын немесе Колумбия округын қаржыландыру сынды жекелеген мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруды жандандыру қажеттілігін талап етті.

Өз кезегінде бұл ұсыныстарды қабылдаудан бас тартқан Ақ үй Конгреске қандайда бір шарттарды талап етусіз-ақ Үкіметтің барлық бюджеттік міндеттемелерін қаржыландыруды қамтамасыз ететін заң жобасына жақтау дауыс беру талабын қойды.

Болжалды мәліметтерге қарағанда, күнделікті қарапайым мемлекеттік мекеме АҚШ ЖІӨ-сі үшін 200-300 млн. долларды құрайды екен. Ал бұл 4-ші тоқсанда ЖІӨ өсімінің қарқынын 0,16 пайыздық тармақтан 2 пайызға да төмендетеді.

Дегенмен де, мемлекеттік аппарат жұмыстарын қысқартудың АҚШ-тың ұлттық экономикасына тигізер әсері мардымсыз. Бұл елдің жалпы еңбек нарығы үлесіндегі мемлекеттік аппарат қызметкерлері штатының салыстырмалы түрде алып қарағанда шағын болуымен байланысты. Омтимизм АҚШ-тың қор нарықтарының динамикасына да әсер етуде. Бұл күндері қор нарықтары тұрақты, өткен аптадағы көрсеткіштер деңгейінде қалыптасып отыр.

Бірақ қазіргі жағдайда АҚШ-тың мемлекеттік қарызының ең жоғарғы шегіне жету қаупі алаңдаушылық туындатып отырғандығы белгілі. Бүгінде қарыз 16,7 трлн. долларды құрайды. Түрлі бағалауларға қарағанда, бұл елдің ЖІӨ-сінің 76-дан 110, тіпті одан жоғары пайызына тең әрі тосқауылсыз өсім үстінде. Құрама штаттар мемлекеттік қарыздың жоғары шегі туралы заңды шұғыл арада қабылдамаса, онда 17 қазан күні-ақ банкротқа ұшырауы мүмкін. Ал дәл осы датаға дейін елдің Қаржы министрлігінің қоржынында небәрі 30 млрд. доллар бос ақша қалады. Дегенмен ол уақытта қаржылық міндеттеме одан да жоғары болуы мүмкін. Қорытындысында - АҚШ дефолты және долларды резервтік валюта ретінде пайдаланатын әрі американдық инвестицияның көмегімен түтінін түзу ұшырып отырған барлық елдер бойынша тізбекті реакция орын алады.

Бейсенбі күні нарықта негативті сценарийлер де қарастырыла бастады. Мұның нәтижесінде саудада американдық қаржылық индекс 0,9 пайызда тоқырап қалды.

Сәрсенбі күні кешкісін Ақ үйде АҚШ Президенті Барак Обама мен Конгрес көшбасшыларының кездесуі өткенімен олар ортақ ымыраға келе алмады. Обама «Обамасақтау» (Obamacare) атауын иеленіп үлгерген денсаулық сақтау саласындағы реформа бойынша кез келген шектеуді түбегейлі қабылдамаса, республикашылар да өз дегендерінде табандап тұрып алды.

Сарапшылардың атап өтуінше, мемлекеттік органдардағы шатдауын әрі соның нәтижесіндегі үнем теориялық тұрғыдан алып қарағанда, елдің мемлекеттік қарызының жоғары шекке жету мерзімін бірнеше күнге, яғни қазан айының соңына дейін созуға мүмкіндік береді. Сондықтан да конгресмендер мен Ақ үй әлі де болса «отпен ойнауларын» жалғастыра тұратын секілді.

Мұхиттың ар жағындағы ахуал әлемдік қоғамдастықты да алаңдатып отыр. Олардың қатарының алғы шебінде еуропалықтар бар. Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагардтың мәлім етуінше, қарыз шегін арттыруға қабілетсіздік ахуалы жаһандық экономикаға айтарлықтай қауіп төндіреді әрі тек қана американдық емес сонымен бірге әлемдік экономикаға зор нұқсан келтіруі мүмкін.

Әзірше, халықаралық қоғамдастық конгресмен республикашылар мен президент әкімшілігі арасындағы саяси қақтығысқа бақылау жүргізуді жалғастыруда. Өйткені ірі инвестор әрі демеуші АҚШ-қа әсер ету инструменттері айтарлықтай тиімді емес-ақ.

Соңғы жаңалықтар