ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Грузия шындығы әрі болашақтың жаңа қамы

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат -  Өтіп бара жатқан апта ішінде халықаралық қауіпсіздік пен елдердің одан арғы өзара іс-қимылдарына қатысты мәселелер барынша мол спектрды қамтыған болатын.
None
None

Бұл ретте айта кетерлігі, еуразиялық өңірдің жіті назарына Грузия президенті Михаил Саакашвили төңірегінде өрбіген оқиғалар мен Қап тауы өңіріндегі билік ауысуы преспективасы ілікті. Грузияның заңнамалық органында өткен сайлаудың нәтижесінде Бидзин Иванишвили басқаратын оппозиция өкілдері жеңіске жетті. Есте болса, өткен жылдың соңында бұл оппозиционер ел Президентінің Жарлығымен Грузия азаматтығы мәртебесінен айырылып қалған еді. Дегенмен ол Грузия азаматтығын қайтарып ала алған-ды.

Бірден айтайық, Б.Иванишвилимен байланысты оқиғалар барынша түрленіп тұратындығы есте. Жоғарыда атап өткеніміздей, ол Гүржі елінің азаматтығынан Михаил Саакашвилидің Жарлығымен айырылған. Ел басшысы мұндай қадамға Б.Иваншивилидің Франция азаматтығын алғандығын мойындағаннан кейін барған еді. Бірақ, та сәл кейінірек ол француз елінің азаматтығынан бас тартып, грузия азаматтығын алу үшін бірнеше мәрте сот алдына жүгінді. Алайда, оның азаматтығын қалтына келтіру туралы сот шешімі қабылданбады.

Дегенмен 1 қазанда Грузияда өткен парламенттік сайлауға 14 партия мен екі саяси блок қатысып, олардың қатарында Б.Ианишвили басқаратын коалиция да болды. Сайлау аралас тізімдік-мажоритарлық жүйе бойынша өтті.

Грузия орталық сайлау комиссиясының алдын ала беріп отырған мәліметтеріне сәйкес, Б.Иванишвили басқаратын «Грузия арманы» коалициясы Парламентте 85 мандатқа, ал «Біртұтас ұлттық қозғалыс» 65 мандатқа ие болған. Сондықтан да, ел жұртшылығының басым бөлігі билік әскери іс-қимылдарға бастамашы болмайтын барынша жайлы көшбасшыға көшкендігіне қуануда.

Сайлаудан кейін бірден Грузия үкіметі отставкаға өтініш берді. Қазірдің өзінде жаңа билік өкілдерінің есімдері белгілі болып жатыр әрі олар елдегі саяси-экономикалық бағытты сәтті жүргізе алады деген болжам да бар.

Айтпақшы, танымал тележүргізуші Тина Канделакиге Грузия үкіметінде вице-премьер лауазымы ұсынылды деген қызықты ақпарат та желдей есті. Дегенмен оның бұл ұсынысты қабыл алғандығы не болмаса алмағандығы жайында ешбір сыбыс жоқ.  Бірақ, көпшілік халықаралық сала мәселелеріндегі оның ұстанымы өзіндік ниетпен ғана шектелуі екендігін жақсы біледі.

Жалпы, жаңа үкімет басшысы мен оның коалициясының уәдесі өңірдегі елдер арасындағы сенімге негізделген қарым-қатынастардың жаңғыруына жаңаша түрткі болады деп сену ғана қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар