ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: «Хайян» дауылының салдары - зардап шеккендер саны 13 млн.
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан апта ішіндегі жағымсыз жаңалықтардың бірі Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне апат әкелген «Хайян» дауылының жүріп өтуімен өрбіді.
Ағымдағы жылдың ішіндегі ең қуатты дауылдардың біріне айналып отырған «Хайян» қараша айының алғашқы күндерінде Тынық мұхитында тропикалық циклон ретінде қалыптаса бастаған болатын. Осыдан кейін ол тропикалық теңіз дауылы санатына жатқызылып, «Хайян» атауы берілген еді. 5 қарашада дауылдың күшеюі орын ала түсті. Ал 7 қараша күні кешкісін теңіз дауылы алдын ала болжам бойынша сағатына 147-ден 195 мильге дейігі жылдамдықпен Филиппиннің шығыс аудандарына айран-топанын шығарды. Дәл осы уақыттағы дауыл толқындарының биіктігі 5-6 метрге дейін жетті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда, елдің шығыс аудандарына барынша қатты зардап шегіп, іс жүзінде жағалауға тақау салынған барлық құрылыс сындары сумен шайылды. Шығыс ауданының барлық жерлерінде жағалау құрлыққа қарай ішкері 1 шақырымға дейін су астында қалды. Мемлекеттік коммуникациялары мен электрмен жабдықтау жүйесі жаппай қирады десек те болады. Жыл ғимараттардың төбе жабындыларын жұлып, жолдарды жарықтар пайда болды. Теңіз дауылының екпіні сағатына 300 шақырымға жетті. Біріккен ұлттар ұйымының бағалауларына қарағанда, бұл соңғы ғасыр ішіндегі Филиппин еліне қауіп төндірген әрі зор қирандыларға ұшыратқан дауыл болып отыр.
Осыдан кейін елде төтенше жағдай жарияланып, Филиппин президенті халыққа арнайы үндеуін де жария етті. Шектес аудандардан шамамен 125 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп, барлық мемлекеттік мекемелердегі жұмыстар тоқтатылды.
Мамандардың бағалауларына қарағанда, жыл жылдамдығының өте жоғары дәрежеде болуы қирандылардың орын алу факторы болған жоқ. Негізінен, теңіз дауылы салдарынан жағалауға соққан толқын жолындағының барлығын талқандап кетіп отыр. Толқын әсері цунамидің күшімен тең. Сондықтан ба елде ұлттық аурытпалық режімі де енгізілді.
Теңіз дауылы Филиппиннен кейін Вьетнамның солтүстік-батыс тарабына қозғалып, біршама әлсіреді. Бұл елде дауыл соңы тропикалық ауа райына тән жаңбырмен ұласты.
Ресми деректерге қарағанда, қазіргі уақытқа дейін апат салдарынан Филиппинде мерт болғандар саны 3630 адамға жетіп отыр. Бұл ретте айта кетерлігі, деректер әлі толық емес. Өйткені елдің бірқатар елді мекендерінде орны алған апаттың зор болғандығы соншалық, әлі күнге дейін нақты ақпаратқа қол жетпеуде. 2582 адам түрлі дене жарақат алса, жүздеген адам іс-түссіз жоғалғандар санатында. Бірқатар жерлерде қаза тапқандарды бауырластар зиратына жерлеуде.
БҰҰ бағалауы бойынша «Хайян» теңіл дауылы салдарынан 13 миллионнан астам адам зардап шегіп, шамамен 1,9 млн. адам өздерінің бапаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ 300 мың үй қирады, ал оның жартысынан астам мүлдем жойылып кетті. Қазіргі уақытта БҰҰ мен тағы 7 мемлекет Филиппинге гуманитарлық көмек көрсетуде.
Moody's Analytics агенттігінің еспетеулеріне қарағанда, әлемдік экономикаға келген алдын ала шығын көлемі 14 млрд. долларға бағалануда.
Дегенмен, дәл қазіргі сәтте Филиппин үшін тірі қалған адамдарды қарапайым күнделікті қажетті заттармен қамтамасыз ету, адамдардың өліміне жол бермеу үшін дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен қамтамасыз ету басты проблема болып отыр. Зардап шеккен аудандарда тонаушылық орын алып, аурудың өршуі орын алып отырғандығы белгілі.
Тағы бір проблема - бұл зардап шеккен аудандармен байланысты қалпына келтірудің мүмкін болмауы. Адамдар өздерінің туған-туыстарымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы байланысқа шығуға мәжбүр. Жүргізілген жұмыстар мен тірі қалған адамдардың тізімі туралы ақпараттар интернет-сайттарда жариялануда. Бірақ, өкінішке орай, көптеген аудандандарда телекоммуникациялық байланыс әлі қалпына келтірілген жоқ.