ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Рио-де-Жанейро мен Венеция карнавалдары өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан аптада әлем халқының есінде қалатындай жарқын жаңалықтар аз болмаған сыңайлы. Есте болса, бүкіл Еуропа мен Оңтүстік Америкада көптеген карнавалдар мен мерекелер өткен болатын. солардың ішіндегі ең ірісі әрі танымалы өткен демалыс күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен дәстүрлі карнавал болғаны сөзсіз.

ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Рио-де-Жанейро мен Венеция карнавалдары өтті

Бразилия карнавалы

Өткен жұма, 5 ақпан күні Бразилияда дәстүрлі карнавал басталды. Осынау әлемдік ауқымдағы шараға қатысушылар бір жыл бойы өздерінің бірегей киім үлгілерін дайындап, би нөмірлерін тыңғылықты әзірлеген еді.

Бразилиядағы карнавалдың түп төркіні 15 ғасырдағы танымал болған португалдықтардың «энтрудо» мерекесін шыққан деседі. Ал 20 ғасырдың басында Рио-де-Жанейро карнавалының танымалдығы артып, ол басқа да елдердегі мереке элементтерін өзіне сіңірген болатын. Дәл сол кезеңдерде самба биінің алғашқы мектебі пайда болып, кейіннен шығармашылық ұжымдар оны бүкіл елге таратқан-ды.

Бүгінде бұл фестиваль Бразилиядағы ең ірі әрі сәні мен салтанаты келіскен жаппай халықтық мерекеге айналып отыр. 4 күн бойы бай мен кедей, ақ пен қара, күшті мен әлісіз біртұтас әлемге айналады. Дәстүрге сәйкес, мереке басталар алдында Рио мэрі карнавал қожайыны король Момоға қала кілтін табыстайды. Ал король ретінде толық әрі еңсегей бойлы бразилиялық таңдап алынады.

Рио-де-Жанейро карнавалы - бұл ең алдымен «Маркиз де Сапукаи» самадромында өтетін ауқымды шеру десе де болады. Салтанатты шараға қатысушылар екі жағында биік мінберлер қойылған 700 метрлік алаңмен жүріп өтеді.

Барлық мерекенің шырқау шегі - жеңімпаз командасын таңдау. Ағымдағы жылы үздік команда мәртебелі атағын «Мангейра» самба мектебі бұйырды. Енді олар 1 жыл бойы сол атаққа иелік етеді.

Айта кетерлігі, бұл жолы карнавал елдегі экономикалық және саяси сүреңсіздік жағдайында, бұған қоса Зика және Денге безгектері өршіп тұрған сәтте өтті. Осыған орай жергілікті билік шараға келушілерді азайтуға тырысып баққанымен Рио карнавалын көруге құмартқан туристер легі мол болды.

Венеция карнавалы

Сейсенбі күні әлемдегі ең көне мәдени шаралардың бірі Венеция карнавалы аяқталды. Су үстіндегі Италияның даңқты қаласындағы осынау шараның тамашалауға ғаламшардың түпкір-түпкірінен жүздеген мың адам келді.

Венеция карнавалы туралы алғашқы деректер 1094 жылы тіркелген. Дегенмен, 14 ғасырда ол жаппай өткізілмегені белгілі. 1162 жылы партиарх Аквилеяны жеңгеннен кейін Венецияның басты алаңы Сан-Маркода халықтық серуен өткен. Болжамға сәйкес дәл осы уақыттан бастап карнавал жыл сайын өткізіле бастаған.

Венецияда дәстүрлі карнавал сенбі 23 қаңтар күні кешке судағы театрландырылған көріністен басталды. Жергілікті уақыт бойынша тура сағат 18:00-де Каннареджо арнасы су сахнасына айналды, онда венециялық өнер мен қолөнері көрсетілді. "CREATUM немесе Өнер және Дәстүрлер" қойылымы карнавалдың жалпы тақырыбының көрінісіне айналды. Карнавалдың көркемдік жетекшісі Марко Маккапанидің ойынша, Creacum - бұл Венецияның ежелгі көздеріне, оның қолөнеріне қайта оралу идеясы. Карнавалдың басталып кеткеніне қарамастан, оның ресми ашылуы жүз метрлік Сан-Марко мұнарасынан «періштенің» дәстүрлі түсуімен жексенбі, 31 қаңтарда өтті. «Періште» образын дәстүр бойынша өткен жылы Мария байқауында таңдалған жас қыз сомдады.

Бұл жолға карнавалдың басты ерекшелігі полиция қызметкерлерінің шараға қатысушыларға дәстүрлі маскаларды кимеуге шақыруы болды десек артық емес. Билік тарабы мұндай қадамға Париждегі лаңкестік әрекеттерден кейін барған болатын.