«Әлем аруы» атағына американдық сұлу ие болды

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Лас-Вегаста өткен «Әлем аруы-2012» сұлулық конкурсының соңғы кезеңінде  американдық Оливия Калпо жеңімпаз атанды, деп хабарлады  Лента.ру Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.  

«Әлем аруы» атағына американдық  сұлу ие болды

Бұған дейін «АҚШ аруы» атанған ол жеңімпаз тәжін дәстүр бойынша өткен жылғы «Әлем аруы» анголалық Лейла Лопестің қолынан алды.

Конкурста екінші орынды филиппиндік Жанин Тугонон жеңіп алды. Үшінші орында - Венесуэладан Ирен София Эссер Квинтеро.

Калпо 1997 жылдан бері конкурста жеңімпаз болған алғашқы АҚШ өкілі. Сол жолы бұл атаққа  Брук Ли ие болған еді.

Конкурсқа әртүрлі елдерден барлығы 89 қыз қатысты. Ережеге сәйкес конкурсқа қатысушылар тұрмысқа шықпаған және балалы болмауы, сондай-ақ жасы 27-ден аспауы және 18-ден кіші болмауы тиіс.