«Әлем аруы» байқауы Ростовта өтеді
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - 5-13 тамыз аралығында Ростовта «Әлем аруы-2012» байқауы өтеді. 33 жылдық тарихы бар бұл шоу Ресейде алғаш рет өткізілгелі отыр, деп хабарлайды Утро. ру.
Өткен жылы бұл байқауда арнайы тәжге ресейлік Мария Ерошенко ие болған еді. Тәртіп бойынша кезекті байқау ханшайым тұратын елде өтуі керек.
Ростовта өтетін бұл байқауда тастанды балалар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері басты назарға алынады. Әр қатысушы аталмыш мәселенің өз елінде қалай шешіліп жатқандығын айтып беруі тиіс.