«Alem Barysy»: Ақтық сайыста белдесетін палуандар анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда «Alem Barysy» ақтық сынында белдесетін палуандар анықталды.
Жартылай финалда қазақстандық Айбек Нұғмаров ресейлік Максим Ширяевты еңсірете жеңді. Ал екінші жартылай финалда кубалық Оскар Брайсон қазақ палуаны Бейбіт Ыстыбаевтан басым түсті. Енді қола медаль үшін Бейбіт Ыстыбаев ресейлік балуан Максим Ширяевпен күреседі. 2013 жылғы "Қазақстан Барысы" Айбек Нұғымаров финалда "Әлем барысы" атағын жеңіп алу үшін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Оскар Рене Брайсон Видалмен белдеседі.