«Әлем барысы»: Моңғолиялық қандасымыз жартылай финалға шықты

  АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлем барысының» ширек финалында Моңғолиядан келген қандасымыз Серік Бердімұратұлы қарсыласын қосымша уақытта қапы қалдырып, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әлем барысы»: Моңғолиялық қандасымыз жартылай финалға шықты

Енді ол жартылай финалда Қазақстанның белді балуаны «Қазақстан барысы» атағының иегері Айбек Нұғымаровпен белдесетін болады.

Серік Бердімұратұлы Баян-Өлгей аймағында Цэнгэл ауылында дүниеге келген.  Ол спортпен он жасынан бері шұғылданады.  Сумо, самбо, моңғол күресі және дзю-домен айналысады. Көптеген жарыстардың жеңімпазы. Сумодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы.