«Әлем барысына» 2014 жылғы чемпион Брайсон тағы қатысады

Кубалық бүгінгі күні Астанаға келіп қойған. Әлемдік чемпионатты ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионатқа танымал сумошылар мен дзюдо шеберлері де келе жатыр. 6 қыркүйек күні сағат 18:00-де «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығында «Alem Barysy» қатысушыларының салтанатты салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі өтеді.
Еске сала кетсек, кубалық Видал Брайсон 2014 жылы Павлодарда Қазақ күресінен тұңғыш ұйымдастырылған «Әлем барысында» ақтық бәсекеде Айбек Нұғымаров ұтқан болатын. Ал күні кеше баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Айбек Нұғымаров бұл жолы «қазақтың намысын қолдан бермейтінін» мәлім еткен еді.
Абсолютті әлем чемпионатын тікелей эфирде «Qazaqstan», «Qazsport», түріктің «TRT Avaz», Ресейдің «Матч! Планета» және «Бокс ТВ» телеарналары көрсетеді.