Әлем бойынша кедендік органдар жүк тасымалының тек 2 пайызын ғана тексеруден өткізеді
КУ. 18 қазан. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Әлем бойынша әртүрлі елдердегі кеден органдарының қызметкерлері әртүрлі жүк тасымалдайтын контейнерлердің 2 пайыздан аз бөлігін ғана тексеруден өткізеді.
Бұл туралы Бакуде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференция барысында БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасының (UNODC) қылмыстың алдын алу жөніндегі сарапшысы Николь Матис мәлім етті.
«Бүгінгі таңда жыл бойы 500 млн. контейнер әлем бойынша жүк тасымалдайды. Әлемде заң бойынша жұмыс істеуге құқылы жүк тасымал жүйесі бар, ал есірткі тасымалдауға үлкен мүмкіндіктері бар қылмыскрелер сол заңды контейнерлерді өз есірткілерін тығып тасымалдауға пайдаланады», - деп хабарлады Н.Матис ханым.
Оның атап өткеніндей, кеден қызметкелері физикалық тұрғыда барлық контейнерлерді тексеруден өткізіп үлгермейді. Ол сондай-ақ жүкті түгелдей тексеруге тыйым салынған халықаралық жүк тасымалы жөніндегі конвенция бар екенін еске салды.
Оның айтуынша, барынша күдік тудырған жүк контейнерлері ғана тексеріледі.