Әлем чемпионаты: 18 елдің боксшылары - жартылай финалда
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 25 қазанда - жартылай финал, 26 қазанда финалдық кездесулері өтеді. Бұл доданың жартылай финалына сегіз қазақ боксшысы шықты. Тағы 17 елдің боксшылары кем дегенде қола жүлде алып отыр.
Жартылай финалға Қазақстанның сегіз боксшысынан бөлек Кубаның - төрт, Ресейдің - төрт, Италия мен Әзірбайжанның - үш-үштен, Германия, Өзбекстан, Бразилия және Ирландия елдерінен екі боксшыдан жолдама алды. Ал Уэльс, Таиланд, Украина, Моңғолия, Венесуэла, Англия, Аргентина, Армения, Коста-Рикадан бір-бір боксшы келесі айналымға өтті.