Әлем чемпионаты-2017: Үшінші боксшымыз да қарсыласынан басым түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Гамбург қаласында әуесқой боксшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші болып болып шаршы алаңға шыққан боксшымыз Әбілхан Аманқұл да қарсыласын басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

75 келіде сынға түскен Аманқұл әлем біріншілігіндегі алғашқы айқасын австралиялық Кэмпбэлл Сомервилге қарсы өткізіп, айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Осыған дейін 49 келі салмақта Ержан Жомарт гватемалалық қарсыласы Майкл Телье Тельені қапы қалдырса, 56 келіде сынға түскен Қайрат Ералиев мексикалық Кристофер Флорес Магананы жарыс жолынан шығарған болатын.

Бүгін жалпы төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады. Енді кешкі сессияда 64 келі салмақтағы боксшымыз Бекдәулет Ибрагимов бағын сынайды. Оның қарсыласы шриланкалық Душан Сапарамаду.

Соңғы жаңалықтар