Әлем чемпионаты: 5-партияда ресейлік шахматшы жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 15 сәуірде Астанада шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы атағы үшін матчтың 5-ойыны өтті. Бұл партияда ақ фигуралармен ойнаған гроссмейстер Ян Непомнящий қарсыласы – қытайлық Дин Лижэньді ұтып кетті. ҚазАқпарат бұл туралы Сhampionat сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шахматтан әлем чемпионаты – 2023. Бесінші партия.
Дин Лижэнь (Қытай) – Ян Непомнящий (Ресей) – 0:1.
Бұл жеңіс ресейлік шахматшыға титулдық матчта қайта алға шығуға мүмкіндік берді, есеп – 3:2.
6-партия ертең, 16 сәуірде өтеді. Ян Непомнящий қара фигуралармен ойнайды.
Регламентке сәйкес әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан құралған. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «өлім партиясы» бар.
Еске салайық, Астанада 7 сәуір - 1 мамыр аралығында шахматтан әлем чемпионаты өтуде. Онда Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласып жатыр.