Әлем чемпионаты: Әлжанов Өзбекстанның әккі боксшысына тағы есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалында Ерік Әлжанов өзбек қарсыласы Бектемир Меликузиевке тағы да есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Естеріңізде болса, Ташкентте өткен Азия чемпионатының финалдық кездесуінде қазақстандық боксшы өзбекстандықпен жұдырықтасып, есе жіберген еді. Бұл жолы да есе қайтару мүмкін болмады, төрешілер жеңісті Меликузиевке берді.

Айта кетейік, бұған дейін 69 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққанАбылайхан Жүсіпов венесуэлалық Габриэль Маэстро Пересті жеңді. 

Василий Левит болса австралиялық  Джэйсон Уайтлимен жұдырықтасып , жеңіске жетті. Енді жартылай финалда Василий 27 жастағы Куба спортшысы Эрисланди Савонмен кездеседі. Савон Дохада өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Рио Олимпиадасының қола медаль иегері. Левит пен Савонның жекпе-жегі 31 тамыз күні өтеді.

Ал Әбілxан Аманқұл 75 келі салмақ санатында рингке көтеріліп, Рио Олимпиадасының чемпионы кубалық Арлен Лопесті ұтқан болатын .

Қайрат Ералиев (56 келі) ширек финалда неміс боксшысы Ел-Хаг Омармен кездесіп, оны жергілікті жанкүйерлер алдында жерге қаратты . 

Ал оның алдында 49 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан боксшымыз Жомарт Ержан екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері ресейлік Василий Егоровті ұтқан еді. 

Қазіргі уақытта шаршы алаңда  91 келі салмақ санатында Қамшыбек Қоңқабаев  өзбек боксшысы Бахадыр Жалоловпен жұдырықтасуда.

Соңғы жаңалықтар