Әлем чемпионаты:Қазақстандық хоккейшілер тағы жеңіліс тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Бремерхафен қаласында хоккейден жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жастарымыз екінші ойында да жеңіліс тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әлем чемпионаты:Қазақстандық хоккейшілер тағы жеңіліс тапты

Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясындағы алғашқы ойынын бірінші дивизион, «А» тобында жарыс қожайындары - Германия құрамасымен өткізіп, 5:3 есебімен ұтылып қалған болатын.  Ал кеше жерлестеріміз Франция командасымен сынға түсіп, 3:1 есебімен тағы жеңіліс тапты.

Қазақстандық хоккейшілер енді үшінші ойынын 14 желтоқсан күні Австрия командасына қарсы өткізеді.

Жарыс кестесі:

13.12.2016. Австрия - Германия,

01:00 14.12.2016. Австрия - Қазақстан,

18:00 14.12.2016. Франция - Норвегия,

21:30 15.12.2016. Беларусь- Германия,

01:00 15.12.2016. Австрия - Франция,

18:00 15.12.2016. Қазақстан - Беларусь,

21:30 16.12.2016. Норвегия - Германия,

01:00 17.12.2016. Қазақстан - Норвегия,

18:00 17.12.2016. Беларусь- Австрия,

21:30 18.12.2016. Германия - Франция,

Астана уақыты көрсетілген.