Әлем чемпионаты: Кубалықтар төртінші «алтынын» жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Куба боксшылары төртінші алтынын жеңіп алып, жеке дара көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

81 келі салмақта әлем чемпионатының финалына шыққан кубалық боксшы Хулио Сезар ла Круз бен Ирландия боксшысы Джозеф Уорд арасындағы жекпе-жектің бас жүлдесін тағы да кубалық боксшы жеңіп алды. Осылайша «Бостандық аралының» боксшылары төртінші алтынына қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Жалпы бұл әлем біріншілігінде финалға 7 кубалык боксшы шыққан болатын. Енді 91 келіге дейінгі салмақта тағы бір кубалық боксшы Эрисланд Савон ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен алтын үшін айқасатын болады. Тищенко Рио Олимпиадасында василий Левитті «ұтқан» болатын.

Осы орайда айта кетейік, енді санаулы минуттардан кейін аса ауыр салмақта отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев әзірбайжандық Магомедрасул Межидовпен алтын үшін айқасқа шығады.

Соңғы жаңалықтар