00:01, 03 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Әлем чемпионаты: Кубалықтар үшінші «алтынды» жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында кубалықтар үшінші алтынына қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бесінші алтынға 64 келі салмақта Өзбекстан боксшысы Икболжон Холдаров пен Кубаның былғары қолғап шебері Энди Крус Гомес таласқан болатын. Қос боксшы арасындағы тартыста жеңіс кубалық боксшыға бұйырды. Осылайша «Бостандық аралының» боксшылары әлем чемпионатының үшінші алтынын жеңіп алды.
Айта кетейік, осыған дейін, 49 және 52 келі салмақта да кубалықтар бас жүлдені жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, 56 келі салмақта қазақ боксшысы Қайрат Ералиев чемпион атанды.