Әлем чемпионаты: Қытайлық ауыр атлетші әлемдік рекорд орнатты

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Қытайлық Лу Сяоцзюнь ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальді еншіледі. Вроцлавта (Польша) өтіп жатқан спорт додасында ол 2012 жылғы Олимпиадада өзі жасаған рекордты жаңартты.

Әлем чемпионаты: Қытайлық ауыр атлетші әлемдік рекорд орнатты

Лу Сяоцзюнь 77 келіге дейінгі салмақта екі жаттығудың нәтижесі бойынша 380 келі (176+204) зіл темірді көтерді. Осылайша, Олимпиада рекордын 1 келіге жаңартты. Екінші орын 359 келі (163+196) нәтижесімен КХДР өкілі Ким Кванг Сонгуға тиді. Ал өзбекстандық Ұлықбек Әлімов 355 келіні (158+197) көтеріп, үшінші орынға тұрақтады.

Ауыр атлетика бойынша әлем чемпионаты қазанның 27 күні аяқталады.