Әлем чемпионаты: Медаль алған қазақстандық боксшыларға қосымша ақшалай сыйақы беріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары жасындай жарқылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Біздің спортшылар бес медаль жеңіп алды. Финалдың бірінші күнінде бізде алтын, күміс және қола бар. Бүгін чемпионаттың соңғы күні және ел намысын тағы екі қазақстандық қорғайды. Чемпионат медальдарынан бөлек, спортшылар AIBA-дан 100 000, 50 000 және 25 000 АҚШ доллары көлемінде кепілдендірілген жүлделерге ие болады.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев өз атынан әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлеріне қосымша ақшалай сыйақы береді.
Ал елге келген соң боксшыларымызға толық ақшалай сертификаттар табысталады: бірінші орынға 70 000, екінші орынға 50 000 және үшінші орынға 30 000 АҚШ доллары.