01:39, 03 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Әлем чемпионаты: Ресей алтынсыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Ресей боксшылары алтынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

91 келі салмақта әлем чемпионатының финалына шыққан кубалық Эрисланд Савон мен ресейлік Рио Олимпиадасында отандасымыз Василий Левитті «ұтқан» Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жекте Эрисланд Савон жеңіске жетіп, ресейліктер еліне алтынсыз қайтатын болды.
Осылайша кубалықтар Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 5- алтын медальды жеңіп алды.
Осыған дейін спорт жанкүйерлері Василий Левитті финалда Евгений Тищенкомен қолғап түйістіруі мүмкін деп ойлаған. Алайда, отандасымыз жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, қола медльды қанағат тұтты.
Енді соңғы жекпе-жек. Отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев әзірбайжандық Магомедрасул Межидовпен алтын үшін айқасқа шығады.