Әлем чемпионаты: Ресей хокейшілері үйге қайтты

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Финляндияның Хельсинки қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында АҚШ хоккейшілері Ресейдің құрамасын 8:3 есебімен ойсырата ұтты.

Әлем чемпионаты: Ресей хокейшілері үйге қайтты

Бүгін аталған екі команданың арасындағы ширек финалдық ойын өтті. Матчтың басында АҚШ бірден екі шайба салып, алға шықты. Бірінші кезеңде ресейлік хоккейшілер оған тек бір шайбамен ғана жауап бере алды. Ойынның кейінгі кезеңдерінде Ресей құрамасы қанша тырысқанымен, таразы басын теңестіре аламады. Мачтың ортасында есептің көрсеткіші 5:3 болды. Ал ойынның соңында Овечкин айыпты өтеуге кетіп, ресейліктер аз құрамда қалғанда, АҚШ құрамасы бір шайба, одан кейін тағы екі шайбаны салып кетті. Қорытынды есеп - 8:3. Осылайша, Ресей хоккейшілері былтыр алған чемпиондық атақтарын қорғай алмады.

Айта кетейік, бірінші кездесуде Ресей құрамасы АҚШ-тан 5:3 есебімен басым түскен болатын. Бірақ осы жолы айласын асыра алмады.