08:21, 02 Шілде 2013 | GMT +5
Әлем чемпионатын қазақстандық жағажай волейболшылары сәтсіз бастады
АЛМАТЫ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Кеше Польшаның Старе Яблонки қаласында жағажай волейболынан 9-шы Әлем чемпионатының алғашқы ойындары өтті.
Бұл дүбірлі додаға тұңғыш рет қатысып отырған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова бірінші кездесуде американдық Свит пен Фолма жұбына 0:2 (15:21, 17:21) есебімен есе жіберді. Бұған дейін олар «Гранд Слэм» Әлемдік турының Италиядағы кезеңдік жарысында 1/8 финалда кездескен болатын. Онда американдықтар 1:2 (21-17, 19-21, 16-18) есебімен басым түскен еді. Бүгін Машкова мен Цимбалова жұбы екінші кездесуін парагвайлық спортшылармен өткізеді. Парагвайлық Пати мен Мишель жұбы кеше голландиялық Ван Гестел мен Меппелинк жұбына 0:2 (13:21, 6:21) есебімен ұтылған болатын.