Әлем чемпионатына баратын таэквондошылар құрамы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13-20 қараша аралығында Гвадалахарада (Мексика) таэквондодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Әлемдік біріншілікке қазақстандық команда 15 спортшыны ұсынатын болады.
54 келіге дейін: Тамирлан Тілеулес
58 келіге дейін: Самирхон Абабакиров
63 келіге дейін: Қамран Нұрадинов
68 келіге дейін: Алмат Қожахмет
74 келіге дейін: Нұрқанат Қожахмет
80 келіге дейін: Рахым Әділханов
87 келіге дейін: Смайыл Дүйсебай
87 келіден жоғары: Руслан Жапаров
46 келіге дейін: Рита Бакишева
49 келіге дейін: Ботагөз Қапанова
53 келіге дейін: Азиза Қараджанова
57 келіге дейін: Камила Аймұқашева
62 келіге дейін: Жадыра Хайруллина
67 келіге дейін: Нұрай Хусайынова
73 келіден жоғары: Жансель Дениз
Фото: olympic.kz