Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімі анықталды

АЛМАТЫ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қыркүйектің 22-сі мен 10-қазан аралығында Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан Әлем чемпионаты өтеді.
None
None

2009 жылы Миланда өткен соңғы Әлем чемпионатына 133 елден 554 былғары қолғап шебері қатысқан еді. Халықаралық бокса қауымдастығының хабарлауынша, биылғы чемпионатқа қатысушы елдер мен спортшылар саны өспесе кемімейді. 2012 жылы Лондонда өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы іріктеу жарысы саналатын бұл дүбірлі додада 17-і мен 34 жас аралығындағы боксшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Қазақстан бокс федерациясының сайтында жариялған мәліметке қарағанда, Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы онда 9 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынамақ. Бапкерлер кеңесі - астаналық Данияр Елеусінов (64 кг) пен Василий Левитке (91 кг), тараздық Олжас Сәттібаев (52 кг) пен Ғани Жайлауовқа (60 кг) және оңтүстік қазақстандық Біржан Жақыпов ( 49 кг) пен қарағандылық Серік Сәпиевке (69 кг), шығыс қазақстандық Данабек Сужанов (75 кг) пен ақтаулық Әділбек Ниязымбетовке (81 кг), сондай-ақ қостанайлық Иван Дычкоға ( +91) сенім артып отыр. Қазіргі таңда ұлттық құрама мүшелері Алматы облысындағы Новоалексеевка кентінде соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Соңғы жаңалықтар