Әлем чемпионатында қазақстандық балуан күміс медаль алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Будапештте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны бір күміспен толықты деп жазады Olympic.kz.

Әлем чемпионатында қазақстандық балуан күміс медаль алды

55 келіде белдескен Нұрланбек Әбдінұр финалда ресейлік Могамед Байтукаевпен кездескен болатын.

Тартысты белдесуде 4:3 есебімен ресейлік балуан жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұған дейін Нұрланбек Әбдінұрдің ӘЧ финалына өткені туралы хабарлаған болатынбыз.