Әлем чемпионатының ақтық сынына үш қазақстандық боксшы қыз шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 жастағы Валентина Хальзова Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына өтті.
None
None

Бұның алдында Дина Жоламан мен Назым Қызайбай әлемдік біріншіліктің ақтық сынына жолдама алған болатын.

69 келіде өнер көрсететін Хальзова жартылай финалда Германия спортшысы Надин Апетцпен жұдырықтасқан. Оның нәтижесі бойынша қазақстандық боксшы кездесуді 3:0 (40:36, 40:36, 40:36) есебімен айқын жеңіспен аяқтады.

Еске сала кетсек, Назым Қызайбай 48 келіде өнер көрсетеді және ол 1\2 финалда Солтүстік Корея былғары қолғап шебері Янг Гум Уді жеңген еді. Ал 54 келіде жұдырықтасатын Дина Жоламан қытайлық Лю Пиаопиаоны тізе бүктірді.

Енді кешкі сессияда Жайна Шекербекова жартылай финалдық кездесуін өткізеді.

Соңғы жаңалықтар