Әлем чемпионатының алдында ФИФА шығынға батып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы басты футбол ұйымының қаржылық шығындары осы уақытта $ 369 млн-ға жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

ФИФА (Футбол қауымастықтарының халықаралық федерациясы) ұйымының шығындары үшінші жыл қатарынан оның кірісінен асып кетіп отыр. Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино мұндай шығындардың әдеттегі, заңды жағдай екендігіне сендіруде.

«Мен кейбіреулердің ФИФА ұйымының қаржылық жағдайы туралы жазып жүргендігіне қарамастан, өзіміздің жағдаймымыздың мығым екендігін жеткізгім келеді. Әлем чемпионатының алдында үш жыл шығынға бату қалыпты жағдай. Біздің бизнес-үлгіміз осылай жұмыс істейді. Еш күмән келтірмеулеріңізге болады, біздің жағдайымыз мығым»,-деді Инфантино ФИФА ұйымының ресми сайтында.

Соңғы жаңалықтар