Әлем чемпионатының Азиялық финалдық дәрежелік раундында жеңіліссіз келе жатқан Қазақстан мен Қытай құрамалары өзара күш сынасуда

АЛМАТЫ. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қытайдың Чэньжоу қаласында волейболдан әйелдер арасында 2014 жылғы Әлем чемпионатының Азиялық финалдық дәрежелік раунды өтіп жатыр.

Әлем чемпионатының Азиялық финалдық дәрежелік раундында жеңіліссіз келе жатқан Қазақстан мен Қытай құрамалары өзара күш сынасуда

Алғашқы 2 кездесудің қорытындысы бойынша мүмкін болған ең жоғарғы 6 ұпайды толық өз қоржынына салған Қазақстан мен Қытай құрамалары бүгін өзара күш сынасуда. Александр Гутор жаттықтыратын қазақстандықтар сенбі күні оңтүстік кореялықтарды 3:1 (21:25, 25:22, 25:17, 25:14), жексенбіде жаңазеландиялықтарды 3:0 (25-12, 25-14, 25-7) есебімен ұтты. Ал қытайлықтар жұмада үндістандықтарды (7-25, 8-25, 10-25), сенбіде жаңазеландиялықтарлы (25-4, 25-7, 25-7) 3:0 есебімен жеңген болатын. Ал 6 ұпаймен үшінші орында келе жатқан оңтүстіккореялықтардың олардан бір ойыны артық. Олар үндістандықтарды 3:0 (25-15, 25-19, 25-18), жаңа зеландиялықтарды 3:0 (25:9, 25:8, 25:10) есебімен қапы қалдырды. Бүгін жаңазеландиялықтарды 3:0 (25:18, 25:13, 25:15) есебімен жеңіп 3 ұпайға ие болған үндістандықтар төртінші орынға көтерілді.

Жалпы 1 қазанға дейін созылатын бұл жарыста үздік шыққан 2 команда Әлем чемпионатының жолдамасын иеленеді. Қазақстандықтар ақырғы ойынын үндістандықтармен, ал жарыс қожайындары оңтүстіккореялықтармен өткізетін болады.