Әлем чемпионатының Үздік жаттықтырушысы мен Үздік боксшысы анықталды
АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Бокстан Әлем чемпионатының соңғы күнінде Үздік жаттықтырушы мен Үздік боксшы анықталды. Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов AIBA-ның биылғы жылғы Үздік жаттықтырушысы, Данияр Елеусінов Үздік боксшы атанды, деп хабарлайды sports.kz.
Айта кетейік, бұл додада Қазақстан 4 алтын, екі күміс, екі қола медальмен жалпыкомандалық есепте І орын иемденді.