Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі болып өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде келер жылғы Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі болып өтті, деп хабарлайды sport.inform.kz . Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен үздік 32 команда 8 топқа бөлінді. Әр топт төрт командадан жасақталды.
Ашылу салтанатында алғашқы боп сөз алған Әлем чемпионатының ең үздік сұрмергені Мирослав Клозе бүгінгі жиынның маңыздылығына тоқталып, шақырту алғанына алғысын білдірді.
Ары қарай кеш әсем ән мен мың бұралған бишілердің өнерімен жалғасты.
Жеребе тарту рәсімі әлемнің футбол жұлдыздарына табысталды. Олардың қатарында Диего Марадонна, Диего Форлан және Карлос Пуйоль бар.
Сонымен ӘЧ-ның топтық кезеңдегі командалары төмендегідей:
«А» тобы: Ресей, Сауд Арабиясы, Мысыр, Уругвай;
«Б» тобы: Португалия, Испания, Марокко, Иран;
«С» тобы: Франция, Австралия, Перу, Дания;
«D» тобы: Аргентина, Исландия, Хорватия, Нигерия;
«Е» тобы: Бразилия, Швейцария, Коста-Рика, Сербия;
«F» тобы: Германия, Мексика, Швеция, Оңтүстік Корея;
«G» тобы: Бельгия, Панама, Тунис, Англия;
«H» тобы: Польша, Сенегал, Колумбия, Жапония;