Әлем чемпионы атағынан үмітті қазақстандық боксшы салмақ өлшеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 25 наурыз күні Алматыда Kazakhstan МТК промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен Fight Night бокс кеші өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шоудың негізгі жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Рай Сейітжанов (9-0, 6 КО) кәсіби рингте жеңіліп көрмеген мексикалық Хосе Макиас Хенрикеспен (15-0, 7 КО) жұдырықтасады. Бәсеке WBO тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы «жастар» чемпионы титулы үшін болады.

Жекпе-жектен бір күн бұрын екі қарсылас да салмақ өлшеу рәсімінен (лимит 63,5 келіге дейін) өтті.

Еске салайық, бұл кештің басты оқиғасы бірінші ауыр дивизиондағы қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) пен өзбекстандық Фаррух Джураев (6-5-1, 2 КО) арасындағы жекпе-жек болмақ.


Соңғы жаңалықтар