Әлем чемпионы Д. Кузин Астанада өтетін конькимен жүгіру марафонына қатысады
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Жексенбі, 31 наурыз күні Астанадағы «Алау» мұзайдыны сарайында осымен екінші рет «Alau Ice Marathon-2013» конькимен жүгіру марафоны өтеді.
«Алау» ұйымдастырып отырған марафон - Қазақстан чемпионы атағымен бірге ақшалай жүлдеге ие болуға мүмкіндік беретін жалғыз жарыс. Ағымдағы жылы бірінші жүлдені ұтып алған спортшыға 450 мың теңге беріледі.
Марафонмен Қазақстан Республикасының ІІІ спартакиадасы аяқталады.
«Alau Ice Marathon-2013» марафонына әлем чемпионы Денис Кузин де қатысып, жеке жүлделер үшін және Қостанай облысының командасы сапында жарыс жолына шығады.