Әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін қазан айына дейін өткізеді

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін тамыз немесе қыркүйек айларында өткізеді.
None
None

Бұл туралы Г.Головкин британдық Мэттью Маклинді үшінші раунда нокаутпен жеңгеннен кейін өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық спортшының промоутері Том Леффер мәлім етті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Еске сала кетейік, Маклинді тізе бүктірген Головкиннің қоржынында 27 кездесудегі 27 жеңіс бар. Оның ішінде қазақстандық өз қарсыластарын 24 рет нокаутқа жіберген. Маклинді жеңгені үшін отандасымыз 350 мың АҚШ долларына ие болды.

Соңғы жаңалықтар